31.05.2017
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, Қарағандыда орналасқан СОСО қайта қалпына келтіріледі. Бұл бастаманың арқасында Қарағандының орталығында екі жаңа субұрқақ пайда болады: «құрғақ», оның ағысы жерден шашырап тұрады, және екіншісі – сарқырама субұрқақ болады.
Бұдан басқа, абаттандырылған аумақтың жалпы ауданы 1,6 гектарды құрайды. Көгалдандырылатын аумақ – 3300 шаршы метр. Сауда – ойын-сауық орталығының маңына 280 ағаш пен 60 тал-шіліктер отырғызылады.
Жөндеу жұмыстары осы жазда аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Бұл Қарағандыда «Туған жер» бағдарламасын іске асырып отырған алғашқы жоба. Жалпы облысымыз бойынша кәсіпкерлер абаттандыру жұмыстарына бір миллиард теңге жұмсауды көздеп отыр. Менің ойымша, кеншілер күніне орай қарағандылықтарға жақсы сыйлық болады. Осы секілді бастамаларды барлық сауда орталықтары мен супермаркеттер жалғастырып алып кетуі керек деп ойлаймын», деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов.