18.05.2017
Алдағы он бес жыл ішінде Қазақстан астанасында бос жер учаскелері игерілмейді. Осылайша, ендігі уақытта құрылыс қаланың орталық бөлігінде ғана жүргізіледі.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы, "Астана қаласының бас жоспары" ҒЗЖИ" ЖШС директоры Сәрсембек Жүнісовтың айтуынша, Елбасының тапсырмасы бойынша жер учаскелерін тиімді пайдалану мақсатында, Астананы игеру аумағын 36 мың гектардан шамамен 20 мың гектарға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.
«Жол және инженерлік желілерді ұлғайтып, бос алаңдарды игеру қажет емес. Қазір қаланың ескі бөлігін бұзуға көшеміз. Осылайша, игеру ауданын 18 мың гектарға азайтып, құрылысты жинақы етпекпіз», - деп атап өтті С.Жүнісов.
Астананы кеңейтуге «мораторий» 2025 жылға дейін қолданыста болады, деп хабарлады Elorda.info.