• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылордада жаңа шағын аудан пайда болады 18.05.2017

Сол жағалауда 18 көпқабатты тұрғын үй мен 320 орындық бала бақшаның құрылысы басталды. Бұл нысандар құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен салынады.

Бұдан басқа, бұл ауданда «Болашақ» университеті, мұнан кейінгі кезекте Қорқыт ата атындағы университеттің бір оқу ғимараты, 600 орындық мектеп, 500 келушіге қызмет ететін емхана, көрнекті неке сарайы салынатын болады,

Естеріңізге сала кетейік, Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес 2017 жылы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 2211 пәтерлі 150,3 шаршы метрді құрайтын 40 көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланған. Осы саладағы кең ауқымды мәселе Сырдарияның сол жағалауынан Қызылорда қаласының бас жоспары негізінде жаңа қала құрылысын бастау болатын.


Back to the list