• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада «Bus-километр» жолаушылар тасымалын жақсарту   жүйесі енгізіледі 12.01.2017

«Жалпы, бұл жолдардағы автобустар арасындағы жарысты жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, уақыт интервалын сақтауға және  кондуктор мен жүргізушінің мәдениетін қадағалауға мүмкіндік береді», - деді А.Исекешев.

Астананың  жолаушылар көлігі басқармасының  басшысы  Бекмырза Игенбердинова  айтқандай, «Bus-км» жүйесі  электрондық төлем енгізу негізінде атқарылған жұмыстың  сапасын ашық әрі нақты түрде белгілеуге мүмкіндік береді.

«Электрондық жүйенің өткізілген сараптамасы бойынша кірістің  50 пайызы көлеңкеде қалып қоятыны байқалып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, «BusLane» қоғамдық қозғалысы бойынша жеке жол жолағы бөлінеді.

«Биылғы жылы  ұзақтығы 64,7 км құрайтын,  24 учаскені енгізу қарастырылып отыр», - деді А.Исекешев.

Сондай-ақ, Б.Игенбердиев аялдама кешендерін жаңғырту туралы айтып өтті.

«2017 жылдың соңына дейін жеке инвестициыяларға   200 павильон  орнатылады. Сондай-ақ, автобустардың қозғалысын ақпараттандыратын 72 электрондық табло орнату қарастырылған», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list