• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астана 2020 жылы жаһандық қаланың негіздерін құру мәселелерін толықтай шешуі керек -  Исекешев 12.01.2017

«Астана 2020 жылы жаһандық қаланың негіздерін құру мәселелерін толықтай шешіп, біздің макроаймақтағы Баку, Тбилиси, Үрімші, Қазан, Новосібір, Екатеринбург сияқты қалалардың арасында инвестиция, таланттар тартуда, өмір сүру жайлылығы және туристердің келуі бойынша көшбасшылық орнын нығайтуға тиіс, 2030 жылы Еуразиялық макроаймақтың көшбасшы-қалалары  Мәскеу, Ыстамбұл, Анкара және Әбу-Даби қалаларымен, ал 2050 жылы әлемнің жаһандық мегаполистерімен бәсекелесуге тиіс», - деп хабарлады бүгін елорда әкімдігіндегі кеңесте Астана әкімі Әсет Исекешев.

Аталған үш кезеңді ескере отырып, 2017 жылдың қаңтарынан бастап екі басымдық бойынша қаланың экономикалық стратегиясы іске асырыла бастайды. Біріншісі  өмір сүру сапасын арттыру және халықтың кірісін көбейту есебінен тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көтеру, екіншісі  астананы жаһандық ақылды қалаға трансформациялау.

100 қадам ұлт жоспарына сәйкес Астана іскерлік, оқиғалық және медициналық туризмнің орталығына айналуға тиіс, деп жалғастырды өз сөзін елорда әкімі.

«Сол себепті біз туризм мен қаржы орталығын басты басымдықтар ретінде қарастырып отырмыз. Туризм бойынша біз орта мерзімдік кезеңде жылына 1 млн шетелдік турист тартуға қол жеткізуіміз керек. Бұл үшін біріншіден, қаланы туристификациялауды қолға алып, туристерді тарту нүктелерін құру керек, бұл мұражайлар, галереялар, спорт орталықтары. Екіншіден, айына халықаралық ауқымдағы 2-3 шараны және аймақтық шараларды өткізуді қамтамасыз ету қажет. Үшіншіден, түрлі мәдени және спорттық шараларды өткізу мақсатымен салынған спорттық және мәдени нысандарды коммерцияландыру қажет», - деді Ә.Исекешев.

Астананы табысты жаһандық қалаға трансформациялау үшін халықаралық қаржы орталығын сәтті іске қосу керек, деп есептейді елорда әкімі.

«Бұл жерде біз АХҚО-мен бірлесіп жұмыс істейміз. Смарт Астана жобасын іске асыру туралы жеке атап өткім келеді. 2016 жылы көп жұмыс жасалды, жаңа жағдайларға бейімделген жаңа тұжырымдама жасалды, негізгі Смарт-жобалар анықталды. 2017 жылы осы процесті күшейтіп, тез арада нәтиже беріп, оң әлеуметтік әсерге алып келетін басты жобаларды іске асыру қажет», - деп атап көрсетті Исекешев.

Негізгі жобалардың қатарында бейнебақылау, көшені жарықтандыру, смарт-мектеп, балаларды балабақшаларға автоматты түрде бөлу, смарт емхана, тұрғынның бірыңғай картасы, Е-КСК және басқалар.

Осы орйда қала әкімі әрбір жоба бойынша егжей-тегжей жоспар жасап, оларды іске қосуды тапсырды, Астана Innovations-ке  барлық жобалар бойынша жұмыстарды үйлестіріп, консультативтік сүйемелдеуді жүктеді.

«Осылайша, алдағы даму перспективаларының көрінісі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда бюджеттен тыс қаржы көздерін пайдалануға, экономиканың экспорттық әлеуеті бар сауда секторларын дамытуға және Астананы туристерді, капиталды және инновацияларды тарту орталығы ретінде қалыптастыруға бағдарланған», - деп қорытындылады Ә. Исекешев.

 

 


Back to the list