• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада екі проблемалық нысан пайдалануға берілді 23.12.2016

Осы бағыттағы жұмыстар Астана қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) жұмысы аясында жүргізіледі.

ВАК-пен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, «Айсанам» ТК және «Тұмар» ТК салушыларына рұқсат құжаттарын алу, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру бойынша құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетілді.

Қазіргі кезде «Азбука жилья» компаниялар тобының проблемалық нысандарының тізіміне енгізілген «Айсанам» ТК және «Тұмар» ТК тапсыру туралы қол қойылған акті қолда бар.

Аталған нысандардағы 920 пәтердің инвесторлары тұрғын үйге жеке меншік құқығын рәсімдей алады.

Барлық проблемалық нысандар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

 


Back to the list