• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада әйнек қалдықтарын қайта өңдеу бойынша меморандумға қол қойылады 13.01.2015

«Астана қаласы әкімдігі жанындағы «EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу және дайындау дирекциясы» ЖШС «Эфес Қазақстан» ШК АҚ-мен және  PosadiDerevo.kz  қоғамдық бірлестігімен бірлесіп меморандумға отырады. Ол Астана қаласының тұрғын үй кешендерінде  әйнек қалдықтарын екінші қайтара өңдеу үшін жинау, тасымалдау мен өткізуге бағытталған», - делінген хабарламада. 

Айта кетерлік жайт, бүгінде әйнек қалдықтарын екінші қайтара өңдеу күнтәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Шыны өндірісі электр энергияны көптеп қажет етеді және оны қайта өңдеу соншалықты оңай шаруа емес, оның үстіне оның экологияға тигізер зияны да аз емес. 


Back to the list