• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ 800 млрд теңгенің ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойды 04.12.2014

Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен өткен келелі кеңесте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ төрағасы Өмірзақ Шүкеевпен өткен жылдың ынтымақтастықтың нәтижесін талқыланды.

«Самұрық - Қазына кәсіпорындары мен қорымен бірлесіп ілкімді істер іске асырылуда. Нәтижесінде олар шаһар экономикасына оң әсерін тигізуде. 10 айдың қорытындысы бойынша бізде барлық салаларда өсім байқалуда. Сонымен, өндіріс 3%-ға, құрылыс 21%-ға, тауарайналымы 12%-ға, сауда 9%-ға өссе, ЖӨӨ 9 айдың қорытындысы бойынша  4,8 триллионды құрап, 8% өсімді көрсетті»,- деп атап өтті  Ахметжан Есімов.

Мегаполис басшысының айтуынша, энергетика саласына ерекше көңіл бөлінген. Қормен ынтымақтастықтың арқасында қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ету, және көгілдір отынды тарту бойынша проблемалар өз шешімін тапты.

Осы ретте  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Алматы қордың сатып алуларының үштен бір бөлігін қамтамасыз ететінін тілге тиек етті.

«Бұл өте үлкен сан және ол қаланың өндірістік және индустриалды секторы өте жақсы дамығанын көрсетеді. Алматылық өндірушілердің тауары мен қызметінің сапасы біздің көңілімізден шығады, олар бәсекеге қабілетті», - деді Өмірзақ Шүкеев. 

Айта кетерлік жайт, «Мемлекеттік тапсырыс» акциясы соңғы алты жыл бойы өткізіліп келеді. Оның мақсаты мемлекеттік сатып алудағы қалалық таураөндірушілердің үлесін арттыру. Ал,  «Мемлекеттік тапсырыс-2014» акциясы ұлттық компанияның сатып алу жоспарымен кеңінен танысуға мүмкіндік берді. 


Back to the list