• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО әкімі Өскемендегі жылу көздерінің қысқа дайындығын тексерді 03.11.2014

Аймақ басшысы ірі ЖЭС-та болып қана қоймай, нысандардағы жанармай қорының бар екендігіне көз жеткізді, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығы хабарлады.

««AES Өскемен ЖЭС» ЖШС мен «AES Согринская ЖЭС» ЖШС басшыларының айтуынша, жылу станциялары салмақты көтере алады және ауа температурасы мөлшерден төмен болған жағдайда да жұмыс істеуге әзір. Бүгінде көмірдің бір айлық қоры бар және  олардың жеткізілімі әлі де жалғасуда. Қазіргі таңда «Қаражыра ЛТД» ЖШС-мен 2015 жылы ЖЭС көмірмен қамтамасыз ету бойынша келіссөздер жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Б. Сапарбаев түйіткілге толы Меновное ауылы мен Аблакетка шағын аудандарындағы қазандықтардың жұмысымен танысып қайтты. Бұрын мұнда ескі жеке меншік қазандықтар болды. Бүгінде олар «Өскемен жылу желісі» АҚ меншігінен өткізілген және мұнда тәртіп орнатылған, көмір қоры да бар, халықта жылудан таршылық көріп отырған жоқ.

«Біз негізгі жылу станциялары мен қазандықтарда болдық. Мұнда нормативке сай көмір қоры бар және жөндеу жұмыстарыда аяқталған. Жалпы, өскемендіктер қытымыр қысқа сақадай сай», - деп аймақ басшысы атап өтті.

Сапары аясында әкім өңірде жаңадан ашылған кәсіпорындардың ЖЭЦ қосылу мәселесіменде танысты. Белгілі болғандай, бұл салада ешқандай проблема жоқ.

«Жылу көзінің қуаттылығы жетерлік және кәсіпорындардың басшылығының сұранысы бойынша қосылу бойынша техникалық шарттар берілуде», - деп толықтырлыған хабарламада.


Back to the list