• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада бөлшек сауда айналымы 19,9 пайызға көбейді – Статистика департаменті 15.10.2014

2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте зат, аралас және азық-түлік тауарлар базарларының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардың сауда айналымы 134962,3 млн. теңге құрады, бұл салыстырмалы бағамен есептегенде өткен жылғы сәйкес кезеңнен 25,9%-ға жоғары.

2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте ресми тіркелген кәсіпорындардың бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 303731,6 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы сәйкес кезең деңгейінен салыстырмалы бағамен есептегенде 17,4%-ға жоғары.

Көтерме сауда жүйесі арқылы 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1851633,3 млн. теңгенің тұтыну тауарлары мен өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдері сатылды, бұл - өткен жылғы сәйкес кезең көлемінен 1,5%-ға жоғары.

Қоғамдық тамақтандыру қызметі 20620,9 млн. теңгеге көрсетілді, бұл 2013 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 24,2%-ға жоғары.

«Автомобильдер мен мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет көрсету көлемі 4155,3 млн. теңгені құрады, бұл - 2013 жылғы сәйкес кезең деңгейінен  64,6%-ға жоғары», - делінген хабарламада. 


Back to the list