13.10.2014
Қазақстан Президенті Астананың өз-өзін қамтамасыз ету деңгейі өсіп келе жатқанына және оған жұмсалған қаражаттың айтарлықтай тиімділігі байқалатынына назар аударды.
"И.Тасмағамбетов инвестиция, құрылыс, қызмет көрсету және сауда сияқты салалардың дамуында оң қарқын бар екенін айтты. Қала әкімі республикалық бюджеттен трансферттелетін қаржы көлемі шаһардың өз кірісінің молаюы есебінен азайып келе жатқанын да атап өтті", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.