• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 13 қазанда  мемлекеттік  бағдарлама бойынша баспана алуға құжаттар қабылдау басталады 10.10.2014

«2014 жылы Астанада «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қала әкімдігі арқылы 678 пәтер, соның ішінде 347 екі бөлмелі (жалға – 43, сатылымға – 304), 331 үш бөлмелі (жалға – 126, сатылымға – 205) пайдалануға беру жоспарланған», - делінген хабарламада.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін құжаттарды қабылдау «Жастар» сарайында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Бағдарламаның бұл бағыты бойынша Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жататын адамдар қатыса алады.

 

 


Back to the list