03.10.2014
Астанада 2014 жылы 20 көппәтерлі тұрғын үйге 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжатнама жасақталды.
Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 20 көп пәтерлі тұрғын үйде жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бүгінде оның 7 жөндеу жұмыстары аяқталса, 13-інде жөндеу жұмыстары соңына таяп қалды.
«Бұл тұрғын үйлерде энергияны үнемдейтін құралдар орнатылып, пластикалық терезелер орнатылды және подъезддерге жөндеу жұмыстары жүргізілді, жертөледе инженерлік желілер ауыстырылып, автоматты жылу есептегіш құралдары орнатылды », - деп әкімдіктен хабарлады.
Бұдан басқа бағдарлама бойынша қайта қайтарылған қаржыға 4 көппәтерлі тұрғын үйдегі 5 жедел саты жаңасына ауыстырылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 9 жедел сатыны ауыстыру көзделген.