• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қаңтар-маусымда көрсетілген қызметтердің көлемі 33,8%-ға өсті-Статистика департаменті 23.09.2014

Астана қаласының статистика департаменті хабарлағандай, көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің ішінде жылжымайтын мүліктермен байланысты қызметтер 16,9%, жалға беру қызметтері 13,2%, сәулет, инженерлік зерттеулер, техникалық сынақтар және талдау саласындағы қызметтер 7,5%, бас компаниялардың қызметтері және басқару мәселері бойынша кеңес беру қызметтері 6,5%, компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және осыған ұқсас қызметтер 5,8%, кеңсе іші әкімшілік және басқа да көмекші қызметтер 5,8% пайызды құрайды.

Спорттық және демалысты ұйымдастыру бойынша қызметтер 5,6%, ақпараттық қызметтер 5,4%, бағдарламалар мен телерадиохабалар жасау бойынша қызметтер 5,2%, ғимараттар мен аумақтарды күту 4,9%, ғылыми зерттеу және дайындау 4,3%, зерттеулер жүргізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету 3,9%, кәсіби, техникалық және техникалық басқа да қызметтер 2,5%, шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызметтер 2,2%, өзге де жеке қызметтер 2,1%, ветеринарлық қызметтер 1,7%, баспа қызметтері 1,6%, мемлекеттік басқару саласындағы қызметтер 1,5%, жарнама және нарықты зерттеу саласындағы қызметтер 1,2%, кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндіру қызметтері 0,98% пайыз.

Заң және бухгалтерлік қызметтері 0,6%, компьютерлерді, жеке қолданатын заттарды және тұрмыстық тауарларды жөндеу бойынша қызметтер 0,3%, кітапханалар, құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтерге 0,1%, жұмысқа орналастыру бойынша қызметтер 0,02%.

 


Back to the list