• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада жалпы қалалық сенбілікке 90 мың адам қатысады 16.09.2014

Қала әкімдігінде хабарлағандай, қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру шаралары да ұйымдастырылады. Қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту сенбіліктің басты мақсаты болып табылады.

Сенбілікке 8,5 мыңнан астам ұйымнан 90 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр.

«Экологиялық айлық аясында қала аумағын бірнеше мың тонна қоқыстан тазарту көзделіп отыр. Аудандық әкімдіктер тазалық шарасына қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен, атап айтқанда күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етеді. Сенбілік кезінде жиналған қоқысты шығаруға 460 техника, соның ішінде 280 жүк көлігі, 180 жүк тиегіш жұмылдырылады», - делінген баспасөз баяндамасында.

Сенбілік күні бірнеше аумақта 4,5 мыңға жуық жас ағаш отырғызылады. Жерұйық саябағында ғана 1 мыңнан астам жас тал егу жоспарланып отыр.

 


Back to the list