10.09.2014
Осылайша Алматы қалалық бюджеті 2014 жылы 437,2 млрд теңге болмақ.
Шаһар әкімі Ахметжан Есімовтың айтуынша, жыл басынан бері жергілікті бюджет 45,5 млрд теңгеге артты.
«Бұл өз кезегінде қала экономикасының тұрақты өсімінің дәлелі. Бұған жол ашқан экономика мен шағын бизнесті қолдауға бағытталған Үкіметтің қолға алған шаралары болып табылады. Өздеріңізге де белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық қордан 500 млрд теңге бөлінді. Соның 250 млрд теңгесі күйзелген активтерге, 150 млрд теңге ҮИИД бағдарламасына, 100 млрд теңге шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеуге аударылмақ. Бұл біздің қала үшін өте өзекті. Өйткені қала бюджеті түсімінің 60 пайызы шағын және орта кәсіпкерлікке тиесілі. Алматы қаласы бойынша осы бағдарлама аясында ШОБ-тің 44 жобасы мақұлданып, 24 жоба қаралып жатыр», - дейді әкім.
Алматы шаһары басшысының айтуынша, нәтижесінде жергілікті бюджетті арттыруға жол ашылып отыр. Бұл әлеуметтік нысандарға қосымша қаржы салуға мүмкіндік береді. Атап айтар болсақ, жергілікті бюджетке түсім көлемі 30 млрд теңгеге артқаны анық. Сонымен қатар, жеке тұлғалар депозиті 55 пайызға артқан.