04.09.2014
Тұлпар және Марал көпірлерінің жарықтандыру жүйесін жобалау мен орнату жұмыстарымен «Лайн» ЖШС Philips-пен серіктесе отырып жүзеге асырды.
«Сарыарқа даңғылы мен Шалқыма көшесі бойында көпірлерді жарықтандыру жүйесін жобалау және орнату жұмыстарымен «Лайн» ЖШС Philips компаниясының қолдауы аясында жүзеге асырды. Осы ретте айта кетерлік жайт, елордалық көпірлер Орталық Азияда өзіндік ерекше жарықтандыру жүйесі бар алғашқы жобалардың бірі болды», - деді «Лайн» ЖШС атқарушы директоры Елена Бибик.
Ресейдегі және ТМД-дағы Philips бас директоры Питер Вуллингс атап өткендей, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында мына көпірлер энергияны үнемдейтін технологияның жарқын үлгісі бола алады.
Айта кетерлік жайт, Philips компаниясы жарықтандыру және жарық технологиясы саласында әлемде көш бастап келеді. Ендігі кезекте компанияның үздік жұмыстары - Санк - Петербургтегі мемлекеттік Эрмитаж, Лондондағы London Eye, Афинадағы Акрополь, Париждегі Эйфел мұнарасы және өзгеде дүниелер қатарын Қазақстан Республикасы Астанасының символы Бәйтерек монументі мен Есіл бойындағы көпірлер толықтырды.
Индира Кауметова