03.09.2014
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, биыл жөндеуден өтіп жатқан жылу магистралінің барлық 9 учаскесі биылдан қалмай ауыстырылуды талап еткен. Бүгінгі таңда ескірген желілердің орнына отандық өнімдегі заманауи қуат үнемдегіш тұрбалар қойылды. Ол алдағы 40 жыл бойы бүтіндей пайдалануға кепілдік береді. Бұл өз кезегінде шаһар тұрғындарының бұл мәселеде ұзақ уақыт бойы бейқам жүруіне мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар, «Алматы жылу желісі» ЖШС қаражаты мен жұмыс күші есебінен жүргізіліп жатқан ұзындығы 8,6 км, диаметрі 200 мм және одан да кіші аула арасындағы таратушы жылу желілерін қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2014 жылдың 15 қыркүйегіне дейін аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда технологиялық жұмыстар аяқталды.