• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада бөлшек сауда тауар айналымы 19 пайызға көбейді 24.08.2014

2014 жылғы қаңтар-шілдеде зат, аралас және азық-түлік тауарлар базарларының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардың сауда айналымы 104367,5 млн.теңге құрады, бұл салыстырмалы бағамен есептегенде өткен жылғы сәйкес кезеңнен 23,3%-ға жоғары.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде ресми тіркелген кәсіпорындардың бөлшек сауда тауар айналы-мының көлемі 228453,4 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы сәйкес кезең деңгейінен салыстырмалы бағамен есептегенде 17,2%-ға жоғары.

Көтерме сауда жүйесі арқылы 2014 жылғы қаңтар-шілдеде 1392445,8 млн.теңгенің тұтыну тау-арлары мен өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдері сатылды, бұл - өткен жылғы сәйкес кезең көлемінен 2,6%-ға жоғары.

Қоғамдық тамақтандыру қызметі 15917,0 млн.теңгеге көрсетілді, бұл 2013 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 20,1%-ға жоғары.

Автомобильдер мен мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет көрсету көлемі 2739,8 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 55,8%-ға жоғары.

 


Back to the list