22.08.2014
«Трансэнерго» АҚ жұмысты бекітілген жоспарлар мен кестелерге сәйкес жүргізуде, оларға сай жалпы сомасы 2,0 млрд-тай теңгеге ұзындығы 6,8 км жылу желілерін қайта жарақтандыру және күрделі жөндеуді атқару жоспарлануда.Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. Мұнда диаметрлері үлкен – 530 мм-ден 820 мм-ге дейінгі жылу желілері төселуде, бұл құбырлардың өткізу қабілетін 25-30%-ға көбейтуге мүмкіндік береді.
«Одан басқа, республикалық бюджет қаржысы есебінен 1,2 млрд.теңгедей сомаға ұзындығы 8,3 км жылу желілерін қайта жарақтандыруға қаржы бөлінді», - делінген хабарламада.