• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Президенті Талдықорғандағы тұрғын үй алабының  жобасымен танысты 19.08.2014

Мұнда Қазақстан Президентіне облыстағы құрылыс саласының дамуы мен «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына 12 тұрғын үй алабы, 5 шағын аудан салу қарастырылып отырған, жалпы алаңы 206 гектар Оңтүстік-батыс тұрғын үй ауданының нақтылы жоспарының жобасы таныстырылды.

Нысанды аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаев мердігер құрылыс компанияларының басшыларымен және құрылысшылармен әңгімелесті.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жалпы алаңы 316,7 мың шаршы метр 121 үйдің құрылысы жоспарлануда. Ол 6037 отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Жаңа тұрғын үй алабының аумағында әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандар – 9 балабақша, 5 мектеп, Оқушылар сарайы, Жастар үйі, ХҚКО, емхана салу көзделіп отыр.  


Back to the list