18.08.2014
Кеңес барысында «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті» ақпараттық сервистерін кеңінен қолдану, ҚР Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсын контенттік сүйемелдеу және т.б. мәселелер талқыланды.
«Ағымдағы жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы 3 664 талап арыз қабылданды. Өткен аймен салыстырғанда электронды қызметті тұтынушылар қатарының артуы (2014 жылғы маусымда – 1002 талап арыз) байқалуда», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сот органдарының «Қазпочта» акционерлік қоғамымен өзара байланысын одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
Өзара іс-әрекет схемасының 1-кезеңін іске асыру арқылы сот органдарының жөнелтілімдеріне «Қазпочта» АҚ тағайындайтын бірегей штрихтік сәйкестендіргіш арқылы соттар почталық жөнелтілімнің ағымдағы жеткізілу деңгейі туралы хабарламала алып отыруға мүмкіндік алды.