17.08.2014
Сертификат серіктестікке дамудың жаңа деңгейіне шығуға және қазақстандық қызмет түрін мемлекеттік талаптарға сай жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Осы рестификаттың арқасында компания EASA стандартына сертификацияланған FNPTIII ұшу жаттығу құрылғысын алды, енді ұшқыштар өз біліктіліктерін ұдайы жетілдіріп тұра алады. Бұл өз кезегінде қауіпсіздікті арттырады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы мен EADS концернінің Еurocopter еншілес компаниясының бірлескен кәсіпорны «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС 2010 жылы желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. ТМД аумағында ЕС-145 тікұшақтарын құрастыру, сату және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын жалғыз кәсіпорын.