12.08.2014
« «Заң кабинеті» жобасы азаматтарға құқықтық көмек көрсететін жоғары білікті институт қызметін атқаратын болады. Ол көмек тегін көрсетіледі», - деді Law Companies Group Lunev Waters директорының орынбасары Нұрлан Шаяхметов.
ХҚКО барған азаматтардың көп бөлігі құқықтық көмекке мұқтаж болып жатады. Азаматтарға кеңес беру аталмыш сала бойынша мамандардың болмағандығынан әсер етуі мүмкін. Оған қоса, белгілі топқа заңгерлердің көмегі тәуелсіз түрде көрсетілуі тиіс. Сондықтан да жобаның мақсаты ХҚКО-ға барған азаматтарға жедел, әрі тегін түрде көмек көрсету болып табылады.
«Сондай-ақ, «Сенімді кеңесші» жобасы да жүзеге асырылуда. Бұл жоба арқылы азаматтар мен заңды тұлғалар кеңес ала алады. Жоба әр түрлі мекемелерде өз бөлімшелеріне ие», - деді Law Companies Group Lunev Waters бас директоры Илья Лунев.
Заң кабинетінің жұмыс кестесі жексенбіден басқа барлық күні 9:00 –ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Индира Кауметова