11.08.2014
Жаңадан тіркелген субъектілердің басым көбі «Алматы» (51,4%) және «Сарыарқа» (28,1%) аудандарында шоғырланған. «Есіл» ауданының үлес салмағы 20,5%-ды құрайды.
«Жаңа заңды тұлғалардың 609-ы жауапкершілігі шектеулі серіктестік (әрі қарай – ЖШС) түрінде тіркелген. Сонымен бірге, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 5 бірлігін қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, 5 – мекеме, 4 – тұтыну кооперативтері (бұдан әрі - ТК), 2 – акционерлік қоғамы, 1 – заңды тұлғалар бірлестігін құрайды», - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың шілде айында тіркелген заңды тұлғалар басшыларының 441-і - ерлер, 185-і - әйелдер.