• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда 21% тұрғын үйде  жылу энергиясын есептеу аспабы орнатылған – ӨДМ 27.07.2014

Ведомствода хабарлағандай, жылу энергиясын есептегіш аспаптарын орнату тұтынушыларға тұтынбаған жылу энергиясы көлемі үшін төлемдерді төлемеуіне, енгізілетін энергия үнемдеу іс-шараларын және технологияларды енгізуден әсер алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, тиімді меншік иесін құруға ықпалын тигізеді. Тұтынушылардың экономикалық мүддесін арттыру үшін жылу энергиясын есептегіш аспаптары бар  тұтынушыларға арналған аса төмен тарифті қолдануды көздейтін жаппай жылу энергиясына дифференциалды тарифтер енгізілуде.

Мысалы, Көкшетау қаласында жылуды есептегіш аспаппен 52,9 теңге және жылуды есептегіш аспабысыз 91 теңге.

Астана қаласының тұрғындары үшін жылуды есептегіш аспаппен жылу энергияларының тарифі 2077,9 теңге/Гкал құрайды және жылуды есептегіш аспапсыз -                         2814,6 теңге/Гкал.

Есептегіш аспаптарын орнату тікелей тиісті шарт жасасумен қаржылық лизинг тетіктері арқылы қамтамасыз етілетін болады, онда есептегіш құралдарды жеткізіп берушілер, жылу өткізетін ұйымдар және «ТКШ даму қоры» АҚ қатысады. 


Back to the list