09.07.2014
Қазіргі таңда олар төмендегі жобаларды іске асыруда: SOS дабыл нүктелері мен тәулік бойғы Қазақстан халқына Call –орталықтары қызметін көрсететін компания құру; «Өнімді кеңінен қатыру. Жаңадан мұздатылған қайың сыпырғышы» жобасы; перде, тюль, жалюзи мен қазақша стильдегі жапқыш өндірісін құру; бақша учаскісінде «жасыл технология» технологиясы бойынша шағын жылыжайлар құру; автоклавды емес газ бетоны өндірісін құру, деп хабарлайды «Даму» қоры.
«Перде, тюль, жалюзи мен қазақша стильдегі жапқыш өндірісін құру жобасының мақұлдануы мен үшін үлкен жетістік. Сөзсіз, грантты қаржыландыру бастауыш кәсіпкерлік үшін үлкен қолдау», - дейді Гүлсара Жақсылық.
«Грант байқауы әлі де жалғасуда. Астанада 2014 жылдың 1 қазанына дейін қайтарымсыз несие алуға өтініш білдіруге болады», - делінген хабарламада.