• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ККМ-де теңіз қауіпсіздігі жөнінде семинар өтті 01.07.2014

Семинарға Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстандағы ТРАСЕКА-ның Үкіметаралық комиссиясының Ұлттық хатшылығы, Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы және «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ-ның өкілдері қатысты, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Семинарға қатысушыларға Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) және Еуропалық Одақтың кемелер мен порт құралдарын қорғау жөніндегі біріздендірілген халықаралық ережелерін Қазақстанда жүзеге асыру жөнінде баяндалды. Оның ішінде, Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясының (СОЛАС 74/78) ХІ-2 тарау мен Кемелер мен порт құралдарын қорғау жөніндегі кодекс (Кодекс ОСПС, 2002 ж.), сонымен қатар, теңіздегі қорғау мәселелерін реттейтін Еуропалық Комиссиясының директивалары талқыланып қаралды.

Шара қорытындылары бойынша қатысушылар биылғы қазан айында теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мамандарды даярлау және оқыту жөнінде семинар өткізуге келісті. 

 


Back to the list