• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҰКП мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жеткізушілердің біліктілік іріктеуіне қатысады 23.06.2014

«Қазіргі таңда ҰКП сарапшылары Мемлекеттік сатып алу туралы заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың екінші легі бойынша жұмыс істеуде. ҰКП тарапынан 52 ұстаным ұсынылуда. Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жеткізушілердің біліктілік алды іріктеуіне қатысу ҰКП пайдасына шешілді. Бұл принцип тендрлерді алыпсатарлар емес, тауар өндірушілердің өздері жеңіп алуда маңызды», - деді Е.Никитинская.

Оның айтуынша, бір жағынан бұл Қазақстандық өндірістің дамуын тежесе, бір жағынан сапасы төмен заттардың саудалануына жол бермейді.

«Бұл мақсатта техникалық реттеу салада үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз дұрыс техникалық айрықшалауды жасақтауымыз үшін ұлттық стандарт жүйесі іске қосылғаны жөн», - деп сарапшы түсіндірді.

Жалпы, соңғы өзгертулер нәтижесінде палата 27 өзгертулерді ұсынып, оның 15 бүгінде қабылданды. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға тапсырыс беруші тарапынан аванстық төлемді уақытылы қайтармағаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылды.

Камила Амирова


Back to the list