• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚМЖО машина жасау  саласы бойынша мамандарды даярлауға шағын тендер жариялайды 14.04.2014

«Қазіргі таңда біз пилоттық жобалардың бірі машина  жасау бойынша мамандарды даярлау жобасын іске қосудамыз. Яғни, біз нарықта қажетті мамандарды даярлау бойынша сараптама жүргізудеміз.Осыдан кейін біз жоғары сапалы өнімді өндіру үшін қажетті машина жасау  технологиясына барамыз. Осы ретте біздің зауыттарда жұмыс істейтін мамандардың біліктілігі туралы мәселе туындайды», - деді Т. Алтаев.

Оның айтуынша, ҚМЖО жақын күндері еліміздің оқу орындары мен колледждің арасында  шағын-тендер жариялайды.

«Егер оқу орындар мен колледждер мехатроника сынды күрделі салаларды оқытатын болса, онда олармен біз жұмысымызды жалғастырамыз. Менің ойымша бұл жүзеге асыруды қажет ететін мәселе», - деп ол атап өтті.


Back to the list