11.04.2014
Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың мақсаты - «жасыл» экономика әдіснамасы саласында хабардар болуды және «жасыл» экономика принциптерін экономикалық саясатқа енгізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің еуропалық тәжірибесін арттыру.
Семинар бағдарламасы мынадай тақырыптарды қамтиды: «жасыл» экономикаға көшудің еуропалық тәжірибесі,ҚР-да «жасыл» экономиканы дамытудың жай-күйі мен келешегі,табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды құқықтық реттеу тетіктері,ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшу Тұжырымдамасын іске асыру процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
Семинар жұмысына ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысады.