15.12.2012
«2013 жылы «жасыл көпір» халықаралық ұйымын құруды, сонымен қатар, Алматы маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды бастауды ұсынамын», – деді Н.Назарбаев.
Мелекет басшысының айтуынша, елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі қуатты серпіліс беруі тиіс.
«Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады», – деп атап өтті Президент.