• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада  тәжірибе алмасу бойынша Оңтүстік-Оңтүстік симпозиумы өтіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ) 14.11.2017

«Бүгінгі симпозиумның мақсаты африкалық континентте реформаны қолдауға негізделген. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі саяси үндеуінде біздің қауіпсіздік кеңесіндегі жұмыстың  7 басым   бағытын анықтап берді. Оның біреуі Африкаға көмектесу болып табылады. Африка БҰҰ қауіпсіздік кеңесі жұмысының басым бөлігін   алып жатыр. Сондықтан, әлемде тұрақтылық болмай, даму болмайды деген ұғымға келдік», - деді Сыртқы істер  вице-министрі Ержан Ашықбаев.

Айта кетейік, соңғы онжылдықта Сахараның оңтүстігінде тұрақты экономикалық өсім байқалып отыр. Кабо-Верде, Эфиопия, Маврикий, Руанда және ОАР құрылымдық экономикалық түрленуде үлкен жетістікке жетті.  2015 жылдан бастап Африкадағы экономикалық өсім  3 пайызға төмендеді, ол шикізат ресурстарына бағаның төмендеуімен байланысты болып отыр.

 

Қайрат Жандыбаев

Фото: Азамат Әлиев 


Back to the list