• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада тың идеялары бар   жас ғалымдар мен стартапшылар бас қосты 05.10.2017

Әлеуметтік жақсылық форумы – әлемдік көшбасшыларды,  кәсіпкерлерді, белсенділерді  БҰҰ тұрақты дамуын ілгерілендіру мақсатында  құрылған  жаһандық шара. Қазақстанда аталмыш  форум бесінші мәрте өткізіліп жатыр.

Өткен жылы Нью-Йорктің БҰҰ Штаб пәтерінде бастау алған саммит 87 елде өткізілді.

Тың идеялары бар шығармашыл адамдардың алаңында біз жаңашылдықтарды барынша алуға тырысамыз. Өткен форумдарда Астанадағы  WiFI Bus қалай жұмыс істейтінін біліп, қазақстандықтарға әлеуметтік желілер қалай көмектесетінін, денсаулық сақинасының қалай  жұмыс ісейтінін білдік. Спикерлер арасында Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген, жас өнертапқыштар бар», - деді  БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары  Мунхтуя Алтангерел.

Форумда 10-нан астам инновациялық жоба таныстырылды. Мәселен, «Астананың Smart city мен инновациялық жобаны  жүзеге асырудың әдісі», «Қолжетімді Павлодар», «Қалалық тұрақтылықтың ақылды технологиялары», «Астана  Бас жоспарының инновациялары мен қызметі туралы» және т.б.

Биылғы жылы форум бағдарламасы келесі бөліктерден тұрады: заманауи технология мен инфрақұрылым, білім беру және ғылым саласындағы технологиялар, еріктілік пен цифрлық технологиялар, цифрлық медиа ресурстар.

Ақбота Күзекбай


Back to the list