05.10.2017
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, қазақстандық дипломаттар қарусыздандыру және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша жалпы пікірталастарда, сондай-ақ қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпаудың өзекті мәселелері бойынша тақырыптық талқылауларда Қазақстан Республикасының ұлттық ұстанымын ұсынды.
Комитеттің жұмысы аясында ғарыштық қауіпсіздік пен тұрақтылық, Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім, БҰҰ-ның Қарусыздандыру комитетінің ұсынымдарын бекіту, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың дайындық процесі, Жаңқаланатын материалдарды әскери мақсаттарда өндіруге тыйым салу туралы шарт және ядролық верификация бойынша үкіметтік сарапшылар тобы, сондай-ақ БҰҰ қарусыздандыру жөніндегі Конференциясының рөлі мәселелерін қарастыру көзделген.
Комитет жұмысының қорытындысы бойынша халықаралық қауіпсіздік саласында алдағы шараларға бағытталған бірқатар қарарлар мен шешімдерді қабылдау жоспарлануда.