18.09.2017
ҚР Сыртқы істер министрлдігінен хабарлағандай, іс-шараға дәстүрлі түрде мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерінің жоғары өкілдері, өңірлік және халықаралық ұйымдар басшылары, көрнекті саясаткерлер мен дипломаттар қатысады.
72-ші сессиясының тақырыбы – «Адамдарға – ерекше назар: тіршілікке қабілетті планетада барша үшін бейбітшілік пен лайықты өмір сүруді қамтамасыз етуге талпыныс».
Қазақстан атынан дебатқа Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысады. СІМ басшысы БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді Төмен байытылған уран банкінің және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бірінші Ғылым және технологиялар жөніндегі Астана Саммитінің ашылуы барысында ұсынылған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларымен таныстырады, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымын түсіндіреді. Министр «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қорытындылары мен мұрасы туралы, елдің саяси, экономикалық және рухани өміріндегі жаңғырту үдерістері туралы айтып шығады.
Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы сапарының Нью-Йорктегі тағы да бір мақсаты болып бір топ екіжақты және көпжақты консультациялар өткізу, сондай-ақ 2018 жылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның төрағалығына дайындық табылады.