• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның табиғи қорықтары халықаралық дәрежеге ие болды (ФОТО) 17.06.2017

ҚР СІМ хабарлағандай, МАВ ЮНЕСКО бағдарламасымен халықаралық қорықтар желісіне Қазақстандық-Ресейлік траншекаралық биосфералық резерват «Үлкен Алтай» енгізілген.  Оның құрамына «Қатон-Қарағай» мен «Қатон» қорықтары кіреді.  Халықаралық сарапшылар атап өткендей, Қазақстан мен Ресей ғалымдарының серіктестігі  Азиядағы алғашқы трансшекаралық резерват болған «Үлкен Алтай» номинациясын жасақтауға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, әлемнің 35 елінен 55 жас ғалым қатысқан Young Scientists Award байқауының жеңімпаздары анықталды.  Сонымен жеті жеңімпаз белгілі болды, олардың қатарында Қазақстаннан Луиза Абдурасулова бар.

Айта кетерлік жайт, МАВ жаңа 23 жобаны бекітті.  Бүгінде Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне 120 елдің 692 нысаны енген. Қазақстан аумағында олардың 9 орналасқан (Алакөл, Ақ-Жайық, Ақсу-Жабағлы, Алтын-Емел, Барсакелмес, Қорғалжын, Қатон-Қарағай, Қаратау мен Үлкен Алтай).


Back to the list