14.06.2017
ҚР СІМ хабарлағандай, тараптар Қазақстан бастамашы болған Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер үшін 2004-2014 жылдарға арналған Алматы іс-қимыл бағдарламасы мен 2014-2024 жылдарға арналған Веналық іс-қимыл бағдарламасының халықаралық ынтымақтастыққа едәуір үлес қосқанын атап өтті.
Сонымен қатар, дамуға көмек көрсету саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері де талқыланды. Қазақстан соңғы жылдар ішінде әр түрлі континенттердегі дамушы елдерге, тынық мұхиты аралдарындағы мемлекеттерге және Кариб бассейні елдеріне едәуір көмек көрсеткен.
Елдің ЭСКАТО және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы жетекшілік ететін Орталық Азия үшін арнайы экономикалық бағдарлама жұмысын жандандыруға ниеті расталды.
Әңгіме барысында тараптар 11-14 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада өткен Тұрақты даму үшін энергетика бойынша министрлік конференциясының қорытындыларына да жоғары баға берді.