12.06.2017

«Арнасай» жасыл технологиялар орталығы – бұл білім алуға, алған білімін бөлісуге және таратуға ниетті барлық адамдардың басын қосатын жасыл платформаны құрайтын тұтас инновациялар кластерінен тұратын бірегей хаб.
БҰҰ делегациясы үшін «жасыл экономика» саласындағы жетістіктер бойынша таныстырылмдар өткізілді.

«Мен «Арнасайға» келгеніме өте қуаныштымын. Бұнде БҰҰ қауымдастығының өкілдері бар, біз осы жобалардың жүзеге асырылуына қатысып жатырмыз. ЭКСПО-ның тақырыбы «Болашақтың энергиясы». Егер олар тұрақсыз әрі қолжетімсіз болса бізде энергия да, болашақ та болмайды. Оның барлығы әрбір адамнан басталады», - деді Д.Султаноглу.
Бұған қоса, алғаш рет Орталық Азияда өсімдіктердің өсуін жылдамдатып, өнімнің жыл сайынғы түсімін арттыруға мүмкіндік беретін фото-ЖСД (жарық-сәулелендіруші диодтар) тұратын жылыжай орнатылды.Бұл жақын орналасқан ауылдардағы балалардың арзан әрі сіңімді элементтерге бай тағамдарды жыл бойы тұтынуларына мүмкіндік беріп, ересектерге арналған «жасыл» жұмыс орындарын құрады.

«Мен үшін бұл орталық – қоғамның әртүрлі өкілдерінің жиналуы, яғни оқушылар мен еріктілердің арасындағы өзара байланыс. Бұл ауыл тұрғындары мен өзге ауылдарға және мемлекеттік органдарға өте өзекті болып табылады. Біз айқын мысалдар мен тиімді материалдар мен нысандарға көз жеткіздік. Біз жарықдиод арқылы жарықтанатын парниктерді көрдік. Дәстүрлі парниктермен салыстырғанда 2 есе тиімді бола түседі. Меніңше, бұл азық-түлік қауіпсіздігі үшін өте өзекті мәселе», - деді Д.Султаноглу.
Қонақтар күн энергиясын қолданудың мысалдарына көз жеткізді.
«Бұның барлығы ЭКСПО-2017 аясындағы мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жетістіктер жергілікті қауымдастықтар мен әкімдіктер, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар арасындағы өзара серіктестік қарым-қатынасқа байланысты болып отыр. Формалды оқытуға қосымша ретінде орталық пен жазғы лагерлер оқытуды ұсынып отыр. Меніңше, бұқаралық жұртшылыққа ақпарат жеткізіп, адамдарды ақпараттандыруды арттырумыз керек», - деді ол.
Орталықта фитиоиодтық жылыжайлар мен күн биовегетария, оқыту сыныбы, қонақ үй, асхана және ЭКСПО «жасыл» лагері бар.
«ЭКСПО ұйымдастырушыларына шатл-басты іске қосуды ұсынамын, келушілер болашақтың энергиясын қалай енгізіліп жатқанын өз көздерімен көрулері керек. ЭКСПО-дағы БҰҰ павильонының тақырыбы «Тұрақты энергияның дамуы». Тұрақты дамыту мақсатын кедейлікпен күресусіз арқылы орындай алмаймыз», - деді Д.Султаноглу.

Орталық бойынша экскурсиядан кейін БҰҰ делегациясы қолөнершілер делегациясына қатысып, жергілікті шеберлермен кездесіп, ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Сондай-ақ, делегация мүшелері ағаш отырғызды.

«Біз болашақта «жасыл ауылдар» саны көбейетініне сенімдіміз. Орталық технологияларды қолдана отырып, өмір сүруді жақсартуға бағытталған. Ең бастысы оларды тиімді қолдана білу», - деді Д.Султаноглу.
Астана қаласынан 35 км қашықтықта орналасқан «Арнасай» Жасыл Технологиялар орталығы» 2015 жылы ЭКСПО-2017 аясында және Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі шеңберінде құрылған болатын. «Арнасай» Жасыл Технологиялар орталығында» Қазақстандағы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге қажетті заманауи технологиялар мен «экологиялық таза» практикалар көрініс тапқан

БҰҰДБ тарапынан жинақталған әлемдік тәжірибе Орталық Азиядағы қарапайым ауылдық елді мекен саналатын Арнасай ауылына қолданылып, бейімделді. Мысалы, БҰҰДБ аясында орнатылған күн коллекторлары ауылдағы электр тұтыну мөлшерін 48%-ға дейін үнемдеуге, сондай-ақ тамшылатып суару әдісі мен өзге де су үнемдеуші технологияларды қолдану судың тұтынылу көлемін екі есеге кемітуге мүмкіндік берді.
Жасыл технологияларды енгізу және тарату шараларына көмек қол ұшын созудан бөлек, БҰҰДБ әлсіз топтардың «жасыл» мамандықтарды меңгеруіне қолдау көрсету мақсатында жасыл технологияларға инвестициялар бөледі.
Қайрат Жандыбаев