10.06.2017
СІМ хабарлағандай, конференция 5-9 маусым аралығында өтті, ол 8 маусым күні Дүниежүзілік мұхит күніне арналған болатын. Шара мұхит мен теңіздерді, барлық ресурстарды тиімді пайдалану мен сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Конференцияға БҰҰ мүше елдерінінің Мемлекет басшылары мен Үкімет басшылары, министрлер, жалпы – төрт мыңға жуық ғылым мен іскерлік орта өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері әлемдік мұхитты сақтау мәселелерін талқылады.
Форумның ұйымдастырушылары Фиджа мен Швеция үкіметтері.
Конференция қатысушыларына БҰҰ Антониу Гутерриш мұхиттар энергия, су, жұмыс орындары мен азық-түлікті және экономиалық дамуды қамтамасыз етіп отырғандығын айтты. БҰҰ басшысы айтып өткендей, мұхиттар жаһандық жылытуға айтарлықтай үлесін қосып, тұрақты дамуды жетілдірудегі маңызды ресурс болып табылады.