26.05.2017
«Жауапты әзірлеуші – Ресей Федерациясы әзірлеген құжатта ЕАЭО мемлекеттерінің ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыруға рұқсат алуды оңайлату туралы бұрын қол жеткізілген келісушіліктер көрсетілген», – деп атап өтті ЕЭК энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі (министр) Адамқұл Жүнісов.
ЕЭК министрінің айтуынша, келісім жобасында Одақ елдерінің туы бар кемелерге ішкі су жолдарымен жүзуге рұқсат кеме ішкі су жолдарына шыққанға дейін он күннен кешіктірілмей ұсынылатын өтініштің негізінде берілетіні көзделеді.
Сонымен бірге, жобаға тараптардың Одақ елдерінде қолданылып жүрген кеме қатынасы тәртібін оңайлатуға бағытталған басқа да ұсыныстары енгізілген. Осы мәселе бойынша жиналыс биылғы жылдың 5-6 маусымында Сочиде өтеді.