• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан БҰҰ-ның  Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім құру келіссөздеріне қатысуда 29.03.2017

Сыртқы істер министрлігі  хабарлағандай, конференцияның жоғарғы деңгейлі сегментінде жасаған мәлімдемесінде қазақстандық дипломат Конференцияның қатысушыларын еліміздің ядролық қарусыздандыру саласында атқарып жатқан әрекеттері туралы баяндады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында жария етілген 2045 жылы, Ұйымның жүз жылдығына орай ядролық қарудан азат әлем құру туралы бастамасының және Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінің маңыздылықтары айтылып өтілді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация өкілдерімен құрылып жатқан халықаралақ құжат мәтінінің жобасына өзінің деректі ұсыныстары ұсынылды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы A/RES/71/258 қарарына сәйкес Ядролық қарудың түбегейлі жойылуына әкелетін Ядролық қаруға тыйым салу туралы заңдық міндеттеуші күші бар құжат әзірлеу бойынша БҰҰ Конференциясы Нью-Йорк қаласында2017 жылғы 27-31 наурыз және 15 маусым - 7 шілде аралығында өтеді.

 


Back to the list