13.03.2017
«БҰҰ жанындағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан делегациялары БҰҰ штаб пәтерінде БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл толуына орай қабылдау өткізді», - делінген хабарламада.
Орталық Азия елдерінің төрағалары атынан БҰҰ жанынан аккредиттелген дуайен, Түрікменстан елшісі Аксолтан Атаева сөз сөйледі. Ол ортаазиялық елдердің қалыптасуы мен дамуы, нығаюы және халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болуы туралы айтып өтті.
Айта кетейік, Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның 2017-2018 жылдарға мүшелегінен басқа, Қырғызстан кеңестің құрамына адам құқығы бойынша еніп жатыр, Тәжікстан- әлеуметтік-экономикалық кеңес, Түрікменстан Бас Ассамблеяның 71-ші сессия төрағасының орынбасары ретінде таныстырылды. Жалпы, өңір елдері БҰҰ 2030-шы жылға дейінгі халықаралық үрдістердің күн тәртібі мен тұрақты даму мақсаттарына белсенді араласады.
Бас ассамблея төрағасы Питер Томсон Ұйымның қызметіндегі Орталық Азияның маңызды рөлін атап өтті, атап айтсақ, жаһандық серіктестіктің нығаюы, БҰҰ-ның дінаралық, өркениетаралық диалог саласындағы құндылықтары мен ұстанымдарын ілгерілету, гендерлік теңсіздік саласындағы рөлі ерекше.
Шараға БҰҰ Хатшылығының басшылығы мен қызметкерлері қатысты, Ұйымға мүше елдердің тұрақты елдері, қоғамдық-саяси, АҚШ іскерлік және медиа саласы, БҰҰ халықаралық тілшілер қауымдастығының мүшелері қатысты.