• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Қазақстанның БҰҰ құрамындағы қызметінің 25 жылдық тарихы ұсынылған (ФОТОРЕПОРТАЖ) 11.03.2017

Тәуелсіз Қазақстан БҰҰ мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жан-жақты қызметіндегі 25 жыл ішінде дүниежүзінде көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналдан бас тартып, ядролық қаруды қысқарту және таратпау идеясын белсенді түрде ілгерілете отыра, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосты. 

Көрмеде Қазақстанның БҰҰ құрамындағы сындарлы және жемісті қызметінің 25 жылдық тарихын бейнелейтін мұрағаттық құжаттарды, фотосуреттер мен дипломатиялық сыйлықтарды қамтитын материалдар ұсынылған. 

1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше атанып, бұл Қазақстан үшін тарихи күнге айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның 168-ші мүшесі ретінде қабылдау туралы 46/224 қарар бірауыздан мақұлданды.

Қазақстанның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі әлемдік деңгейде мойындалып, еліміз 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайланды. 

"Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік үшін әріптестік" көрмесі 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Қайрат Жандыбаев

Фото Арман Мұхатов


Back to the list