10.03.2017
«Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік үшін әріптестік» қор көрмесінің материалдарын Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамындағы Қазақстанның сындарлы және жемісті қызметінің 25 жылдық тарихын бейнелейтін мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер мен дипломатиялық сыйлықтар құрайды.
Қазақстанның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға сіңірген еңбегі жаһандық деңгейде мойындалып, еліміз 2017–2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайланды.
Сондай-ақ, Институт дипломатиясының директоры, алғашқы сыртқы істер министрі (1991–1994) Төлеутай Сүлейменов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев құттықтау сөз сөйледі.
«Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік үшін әріптестік» көрмесі 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Айта кетейік, 1992 жылғы 2 наурыз күні Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше атанып, бұл еліміздің тарихындағы ерекше күнге айналды. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның 168-ші мүшесі болып қабылданғаны туралы 46/224 қарары БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық отырысында бірауыздан мақұлданды. Отырыстан кейін ұйымның штаб-пәтері алдында Қазақстанның туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.