• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан БҰҰ-дан лайықты орнын алып отыр – сарапшы 06.03.2017

«Қазақстан БҰҰ енгеніне  25 жыл толды. Біз өткенге көз тастап тарихты талқылай аламыз. Бұл өте белсенді ынтымақтастықтың мысалы. Бұл алдымен ядролық қарусыз әлем, Семей полигонының жабылуы», - деді М.Енча.

Ол айтып өткендей, БҰҰ аясында  гендерлік теңсіздік  басымдылыққа ие.

«БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш  гендерлік теңсіздіктің басты басымдылығын айтты, біз БҰҰ-да әйелдерді көргіміз келеді, оның ішінде Қазақстан әйелдерін», - деді м.Енча.

Сарапшы  алдағы «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі туралы да айтып өтті.

«ЭКСПО-2017 – Қазақстанды бар әлем танитындай ететін үлкен жетістік әрі мүмкіндік. Бұл көптеген елмен ынтымақтастық орнатуға түрткі болды», - деді ол.

БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі биылғы жылдың  1 қаңтарынан бастап Қазақстан  БҰҰ ҚК тұрақты емес өкілі екенін еске салды.

«Бұл үлкен жетістік, Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастағы  бастамаларын ескерсек, өте орынды. Қазақстан БҰҰ елдерін мойындатты, себебі халықаралық ұйымға мүше болу үшін тек қана өңірлік топтың емес, БҰҰ елдерінің  қолдауы керек. Қазақстан ол қолдауды алды», - деді М.Енча.

Сондай-ақ, ол Қазақстан биыл ШЫҰ-да төрағалық ететінін айтты.

«Астанада маусым айының басында Шанхай ынтымақтастық ұйымының  саммиті өтед. БҰҰ мен ШЫҰ жұмысы  лаңкестіпен күрес және бейбітшілік орнату  саласында жүргізіледі», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list