• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан БҰҰ  құрамында беделді орынға ие 06.03.2017

Ректор атап өткендей,  БҰҰ аясында  Қазақстан  бірқатар бастаманы ұсынды,  олар  бейбітшілікті нығайтуға бағытталған. Бұл - АӨСШК және БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған арнайы бағдарламаны құру, Арал мен Семей экологиялық апатын қалыпна келтіру.

«Бірнеше күн бұрын, 2 наурызда  ел БҰҰ  құрамына енудің  25 жылдығын тойлады.  БҰҰ құрамындағы мүшелегінде Қазақстан  халықаралық қауымдастыққа ықпалдасып қана қоймай, лайықты   орынға ие болды. Оған дәлел Қазақстанның  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып атануы», - деді Ф.Жақыпова.

Ол айтып өткендей, бұл оқиға  елдің сыртқы саясатындағы табысты, тарихи жеңістерінің бірі. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен БҰҰ әріптестігінің маңызын атап өтті.

«Атап айтсақ, Академияда  БҰҰ,  БҰҰ Даму бағдарламасы, «ЮНИСЕФ» балалар  қоры, БҰҰ  Қазақстандағы  халық саласының  қор кеңсесі  сынды ұйымдармен ынтымақтастық баршылық», - деді Ф.Жақыпова.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list