06.02.2017
«Астанада 6 ақпан күні Ресей, Түркия, Иран делегациялары мен БҰҰ өкілдері елордада 23-24 қаңтарда өткізілген отырыста қол жеткізілген келісімдер мен шешімдер туралы бірлескен отырыс өткізді. Кеңеске қатысушылар Сириядағы соғысты тоқтату және соғысты тоқтатуды бақылауда тиімді шараларды жүзеге асыру шараларын талқылады», - деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Сирия жөніндегі РФ делегациясының басшысы Станислав Гаджимагомедов.
Оның айтуынша, қатысушылар өзара сенім мен кедергісіз гуманитарлық көмек туралы келісті.
«Делегациялар Сириядағы соғыстың толық аяқталуына қызығушылық білдірді. Делегация өкілдері қазақстандық тарапқа Астаналық процесс үшін, яғни Сирия келіссөздерін өткізуге алаңқай ұсынғаны үшін ризашылықтарын білдірді», - деді ол.