13.01.2017
ҚР СІМ хабарлағандай, іс-шарада қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстан БҰҰ-да Орталық Азияның барлық елдерінің ортақ мүдделерін қорғауға ниетті екенін атап өтті. Атап айтқанда, ол Ауғанстанның негізгі проблемалары шешілмей, біздегі ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес екенін айтты.
Өңір мемлекеттерінің дипломаттары Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелік етуі арқылы орталық азиялық мүдделерді ілгерілету жөніндегі жоспарларына қолдау көрсетіп, саяси және сараптамалық деңгейлерде тиісті құрылымдық өзара іс-қимылды жалғастыратынын растады. Бұдан бөлек, кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Саяси жолдауына оң баға берілді.
Сапар барысында Қ. Әбдірахмановтың Италия, Швеция, Эфиопия, Польша және Латвияның сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен, Ұлыбританияның сыртқы істер министрінің орынбасарымен екіжақты кездесулері өтті.
Ведомствода Қазақстанның жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрінің алғашқы халықаралық сапары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жауапты мүшесі ретінде Астананың жоспарларын мазмұнды таныстыруға мүмкіндік бергені атап өтілді.