• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан БҰҰ ҚК отырысына  тұрақты емес мүше ретінде қатысты 04.01.2017

Осы күні Қауіпсіздік кеңесінің барлық  делегация басшыларының  дәстүрлі жұмыс кездесуі өтті. Олар: Боливия, Ұлыбритания, Мысыр, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сенегал, АҚШ, Украина, Уругвай, Франция, Швеция, Эфиопия және Жапония.

Шара Швеция Корольдігінің миссиясы аясында  аталмыш елдің Тұрақты өкілі  Олаф Скуганың  төрағалығымен өтті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері алдында Б.Садықов аталмыш орган жұмысында Қазақстан үшін  басымдылықтарды айтып өтті. Оның ішінде дипломатия мен сенім қарым-қатынасын нығайту,  халықаралық лаңкестікке қарсы тұру және ядролық қаруды таратпау мәселелері бар.

Ведомствода хабарлағандай,  4 қаңтарда  Кеңестің Сириядағы жағдай бойынша жабық консультациясы өтеді.

Айдың маңызды шараларының бірі  биылғы жылдың  10 қаңтарына белгіленген  БҰҰ ҚК дебаттары, шара «Бейбітшілікті сақтау жолында даулардың алдын алу» тақырыбында өтеді.

Шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен  ҚК мүше елдерінің  бірқатар сыртқы саяси ведомстволардың  басшылары, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов  қатысты.

17 қаңтарда төрағалар деңгейінде  Таяу Шығыстағы жағдай мен Палестина мәселесі бойынша ашық  дебаттар өтеді.

Қазақстан төрағалығымен   Сомали мен Эритере  және  лаңкестік топтарымен  күресу  бойынша БҰҰ ҚК Комитетінің отырысы  өтті.


Back to the list